Қызылорда облысында 13 088 адам қайта вакциналаудан өтті

839

0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері өңірімізде қайта вакциналауға жататын 364 711 тұрғынның 13 088 екпе алды.

Атап айтқанда, облыс орталығы Қызылорда қаласынжа барлығы 169 669 адам қайта вакцина алуға тиіс болса, оның ішінде 7195 адам вакциналанды.

Арал ауданында 28 847 тұрғын ревакцинациядан өтуі тиіс, қазіргі таңда оның 456 екпе алды.

Қазалы ауданында 39 183 тұрғын ревакцинациядан өтуі тиіс, қазіргі таңда оның 1236 екпе алды.

Қармақшы ауданында (Байқоңыр қаласын қосқанда) 27 193 азамат ревакцинациядан өтуі тиіс, қазіргі таңда оның 625 екпе алды.

Сырдария ауданында 19 819 тұрғын ревакцинациядан өтуі тиіс, қазіргі таңда оның 1009 екпе алды.

Шиелі ауданында 32 864 тұрғын ревакцинациядан өтуі тиіс, қазіргі таңда оның 427 екпе алды.

Жаңақорған ауданында 29 937 тұрғын ревакцинациядан өтуі тиіс, қазіргі таңда оның 1585 екпе алды.

Айта кетейік, қайта вакциналау үшін Pfizer және QazVac препараттары қолданылуда. Екпені №№ 1, 3, 4, 5, 6, Қызылорда ТЖ, «ASA» ЖШС, «Сеним» ЖШС, «Интертич» клиникасы, облыстық клиникалық диагностикалық орталық және «Q-med» клиникасында алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<