Қызылорда облысында 36 мыңнан астам адам ауыл әкімі сайлауында дауыс бере алады

527

0

Қызылорда облысында сағат 11.00-ге дейін тұрғындардың 23,6% әкім сайлауына келіп өз таңдауын білдірді.

Облыс бойынша 54 сайлау учаскесі бар. Онда 304 комиссия мүшесі жұмыс жасауда. Өңірде 36 071 адам сайлауы ретінде тіркелген. Сағат 11.00-ге дейін 8501 адам сайлау учаскесіне келіп үлгерді. Ол 23,6% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 1172 – 14,6 %.

Қазалыда 3 округте 2673 сайлаушы бар. Қазірге едйін олардың 970-і дауыс берді. Бұл 36,3%-ды құрайды.

Қармақшыдағы 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушының 509-ы сайлау учаскесіне келді. бұл – 14,9%.

Жалағаш ауданындағы 4 округте 5 учаске бойынша 3596 сайлаушының 680-ы таңдау білдір. Ол 18,9%-ға жетті.

Сырдарияда 3 округте 2808 сайлаушы бар. Келушілер саны -779 адам.

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы тіркелген. Келушілер саны -1815 адам, бұл – 43,0 %.

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша орналасқан. Онда 11340 сайлаушының 2576-ы таңдау жасады. Ол – 22,7 %-ды құрайды.

«Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталмады. Арыз-шағым түскен жоқ. Облыс бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың, сенім білдірген адамдары мен байқаушылардан 313 адам байқау жүргізуде», – деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<