Қызылорда: Қызметтік көліктер жедел жәрдемге берілді

794

0

Қызылорда шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел жәрдемге берілді. Оның жанар-жағармайын да қала әкімшілігі өз мойнына алған. Осылайша 30-ға жуық қызметтік көлік тәулік бойы тұрғындардың шақыртуларына дәрігерлерді жеткізуде.



Өңір ауданындағы шенеуніктер де жақын күндері өз көліктерін денсаулық сақтау мекемелерінің мұқтаждығына беруге дайын екендіктерін айтып отыр. Десе де, аймақта әлі де маман тапшы.


«Облыста реаниматолог және аудандарда инфекционист мамандардың тапшылығы бар. Мәселені шешу үшін егер кеңес керек болатын болса, Нұр-Сұлтан қаласындағы және Алматы қаласындағы әріптестеріміз кеңесін уақытылы беріп отыр. Егер аса қажетті мамандар болып жатса осы аудандарға қаладағы мамандарды жіберу мәселесін шешіп отырмыз», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқаков.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<