Қызылордада 18 Өзбекстан азаматы елден аластатылды

669

0

Қызылорда облысында 18 Өзбекстан Республикасының азаматы елден аластатылды.


Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында желтоқсан айының 6-12 аралығында облыс аумағында “Заңсыз-келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.


Іс-шараның төрт күнінде жалпы 332 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 231 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 101 қазақстандық әкімшілік шаралар көрілді.


Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 18 азаматы елімізден аластатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<