«Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерінің мемлекеттік органдарын кең жолақты интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету» Жол картасы аясында мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде Қызылорда облысы бойынша 73 ауылдық елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы қосылған.
Оның ішінде 72 мектеп, 64 әкімдік, 69 фельдшерлік-амбулаториялық пункт ғаламтор байланысымен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда 230 ауылдық елді мекеннің 201-і, немесе 87% кең жолақты интернетпен қамтылған.
«Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша 2020 жылы қала мен аудандардың 63 мектебінде бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен интеграция жүргізілді. Сондай-ақ, 2021 жылға (II кезең) қаланың 35 мектебін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді.
7 стационарлық жылдамдық өлшегішті сатып алу қолға алынуда.
Шұғыл қызметтерді бірыңғай диспетчерлік қызметке біріктіру есебінен 112 шақыруларды тіркеу және бригадаларға беру уақыты 28%-ға қысқартылды. Жауап беру уақыты 102 қызметі бойынша 5 минутқа дейін, 103-те 15-тен 10 минутқа дейін қысқарды, шақыруларға қызмет көрсетуді бақылау тиімділігі 20%-ға артты, жалған шақырулар саны 40% – ға азайды.
109 бірыңғай байланыс орталығын құру өтініштерді тіркеу уақытын және жауапты коммуналдық қызметтердің кері байланысын қысқартты. Тұрғынға ондаған коммуналдық нөмірлердің орнына 109 нөмірін білу жеткілікті. Сондай-ақ, қалалық коммуналдық қызметтердің сапасы да айтарлықтай жақсарды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<