Қызылордада 409 907 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

629

0

Қызылорда облысында 409 907 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен қамтылды. Бұл – екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 90,6 пайызы.


Айта кету керек, өңір коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау көрсеткіштері бойынша алғашқы бестікте тұр. Қызылорда облысында 10 желтоқсандағы мәлімет бойынша бірінші компонентпен I компонентпен 409 907 адам (90,6 %) вакцина салдырды, II компонентпен 360 949 адам (79,8 %).


Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, сақтық шарасына бей-жай қарауға болмайды.


Дәрігерлердің айтуынша, адам көп шоғырланған орындарда бетперде режимі мен әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс. Сондай-ақ, қазір тұмау тарайтын кез. Вирус жұқтырып, иммунитетті әлсіретіп алмау қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<