Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті 426 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Қызылорда облысында ұжымдық иммунитететті қалыптастыруда 452 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе қабылдауы жоспарланған. Бұл – облыс тұрғындарының 60 пайызы.
Қазір өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 427 004 адам (94,3%) салдырды. Ал II компонентті 419 561 адам (92,7%) адам алған.
«Вакцина салдырғандардың басым көпшілігі – облыс орталығының тұрғындары. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш – Арал, Қазалы, Жаңақорғанға тиесілі. Кәсіп түрлері бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ». – деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<