Қызылордада балабақшалар қашан ашылады?

1803

0

18 мамырда Қызылордадағы балабақшалар төтенше жағдай режимінен кейін қайтадан есігін ашпақ.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №12 қаулысына сәйкес меншік нысанына қарамастан балабақшалар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмысын қайтадан бастайды.

Қазіргі таңда облыста 576 балабақша жұмыс жасайды. Оның 161-і – мемлекеттік, ал 415 – і жеке меншік. 

Бүгінде балабақшалар ұжымы кезекші топтарды ашуға дайындалып жатыр. Бірінші кезекте ата-аналары жұмыс істейтін, балаларды үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ отбасылардың балалары қабылданады. Ол үшін учаскелік педиатрдың рұқсат қағазы керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<