Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап кетті

699

0

Қызылордада бес адам мінген көлік каналдағы суға құлап, бір адам көз жұмды.


Оқиға бүгін, 17 мамырда сағат 04.50 шамасында болды. Сол уақытта бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кетті.


«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түскен аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде болған жүргізушіден бөлек 3 жолаушы жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті. Ал оқиға орнында 1961 жылғы жолаушының көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды», – деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<