Қызылордада дәрігерлер телефон жұтып қойған ер адамды құтқарып қалды

1879

1

Қызылордалық дәрігерлер телефон жұтып қойған ер адамды құтқарып қалды. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.


Ведомство мәліметінше, облыстық көпсалалы ауруханаға ішкі жүйелері ауырсынған ер адам келген. Науқас дәрігерлерге бірнеше сағат бұрын ұялы телефон жұтып қойғанын айтқан.

Аурухана мамандары аталған адамның ішкі жүйесін рентген аппаратына түсіріп, шұғыл зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде онда ұялы телефон және тырнақ секілді бөтен заттардың бар екені анықталды.


Телефонда орналасқан батерея адам ағзасына зиян тигізуі мүмкін. Мамандар кеңесінен кейін эндоскоптың көмегімен аталған заттар сәтті шығарылды. Эндоскопия – бұл аспаптық диагностиканың заманауи жоғары ақпараттық әдісі. Ол скальпельге жүгінбей, қуыс мүшелердің ішіне қарауға мүмкіндік береді. Бұл манипуляцияны эндоскопист Айбек Ақбаев жоғары деңгейде атқарып шықты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<