Қызылордада 1 ақпанға дейін коронавирус инфекциясына қарсы 505 адам екінші мәрте вакцина салдырды.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялыр қызметі хабарлады.
Өңірге 1 ақпаннан бастап Ресейде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Алғашқы кезеңде вакцина 939 медицина қызметкеріне, қалғаны жергілікті тұрғындарға егілді. Бұл кезең 1-17 ақпан аралығында жүргізілді. Ал келесі кезеңнің басталуы үшін науқас екпе алғаннан кейін арада 21 күн өтуі қажет.
Айта кетерлігі, 27 ақпанға дейін облыста 440 адам екінші мәрте екпе салдырса, 1 наурызда олардың қатарына тағы 65 адам толықтырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<