Қызылордада күріш өнімділігі бойынша жаңа рекорд орнады

887

0

Биыл өңірде суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болып отыр. Бірақ, оны тиімді пайдаланудың және уақытылы шаралардың қабылдануы арқасында залалды азайтуға мүмкіндік болды.


Сонымен қатар облыс аграрийлері жақсы өнім жинап қана қоймай, күріштің шығымдылығы мен жалпы түсімі бойынша рекорд орнатты. Орташа есеппен 1 гектардан 61,8 центнерден күріш жинап, осылайша, ел қоймасына 551 мың тонна күріш салды.


2019 жылы облыс аграрийлері 1 гектардан орта есеппен 60,3 центнерден күріш жинап, күріш дәнінің жалпы өнімін 530,5 мың тоннаға дейін жеткізген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<