Қызылордада мас жүргізушілер тарапынан 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді

744

0

Қызылорда облысында мас күйінде көлік басқарған азаматтар қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді.


Қызылордалық полицейлермен жыл басынан жол апаттылығының алдын алу бағытында 5 982 жол ережесін бұзу деректері анықталса, жол көлік оқиғасына тікелей әсер ететін 2848 өрескел бұзушылықтар тіркелді.


Оның ішінде көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарған 150 жүргізуші анықталды. Тек соңғы бір күнде облыс бойынша 10 жүргізуші көлікті алкогольдік мас күйінде тізгіндеген.


Жыл басынан алкогольдік мас күйінде көлік басқарып материалдық шығын келтірілген 7 жол көлік оқиғасы тіркелді.


Заңға сәйкес, бұл жүргізушілерге 20 тәулік қамаққа алумен бірге 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылуда.


Егер осындай әрекет нәтижесінде жәбірленуші орташа және ауыр дене жарақаттарын алса, не адам қайтыс болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<