Қызылордада өрттен 18 адам эвакуацияланды

690

0

Қызылорда қаласында көп қабатты үйде болған өрттен 18 адам эвакуацияланды.


Оқиға 20 ақпанда сағат 3.00 шамасында «Шұғыла» мөлтек ауданы №43 үйдің 5-ші қабатында болды. Төтенше жағдайлар департаментіне пәтердің бірінен қою түтін шығып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.


Шақырту бойынша №2 мамандандырылған және №6 өрт сөндіру бөлімдерінен 4 техника 12 қызметкер, штабтың автокөлігімен 5 қызметкер аталған іске жұмылдырылды. Барлау нәтижесінде 5 қабаттағы пәтердің бірінің қонақ бөлмесіндегі барлық тұрмыстық заттар, ас бөлмесінің есігі мен терезесі, кіре беріс бөлме есігі жанып жатқаны анықталды.

«Пәтер ішінде қалып қойған 3 адам газдан қорғау құралымен қауіпсіз жерге шығарылды. Көршілес пәтерлердің бірінен 27 литрлік газ баллоны мен подьездегі пәтерлерден өрт сөндірушілер 15 адам (оның ішінде 6 бала) эвакуация жасады. ұрғын үй табиғи газға қосылмаған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<