Қызылордада полицей отқа оранған үйден тұрғындарды құтқарды

917

0

Қызылордалық полицей өртеніп жатқан үйден газ баллоны мен құжаттарды сыртқа алып шықты.

Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Бәйтерек шағын ауданында болды. Онда жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына төтенше жағдайлар саласы мамандарымен қоса полицейлер бірге жетті.

«Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі Нұрлан Төлебаев өрттің алдын-алу үшін шұғыл әрекетке кірісті. Ол жалын шарпыған үйдің терезесін сындырып, темір есігін ашуға тырысты. Үйдің ішінде қалып қойған адам жоқтығына көз жеткізген соң газ балонын сыртқа алып шықты», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Бұған байланысты әлеуметтік желі беттерінде тұрғын Жұлдыз Байдраманова ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

«Сол күні ауа райы суық еді. Нұрланның үсті малмандай су болса да үй иелерінен «Құжаттарыңыз қай жерде тұр?» деп үйдің ішіне қайта кірді. Өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан азаматтық міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Полицейдің осындай ержүрек қасиетіне ризашылық білдіреміз», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<