Қызылордада полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды

685

0

Қызылордада полицейлер көп қабатты үй тұрғындарын өрттен құтқарды.

Оқиға «Шұғыла» шағын ауданындағы №17 үйдің екінші қабатындағы 58 пәтерде болды. Өрттің шыққандығы жөнінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне хабар келіп түскен.

Полицейлер оқиға орнына дереу жетті. Басқарманың Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мұрат Қазбеков пен Сұлтан Күздікенов тұрғындарды өрттен құтқаруға шұғыл кірісті.Тұрғындарды қауіпсіз орынға эвакуациялады.

«Адамдарды апаттан құтқарып қалу – біздің қызметтік те, азаматтық та парызымыз. Біз сол сәтте ерлік жасайық, көзге түсейік деп ойлаған жоқпыз. Бар мақсатымыз – адамдарға көмектесу», – деді Сұлтан Серікболұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<