Қызылордада «Рухани құндылық» шығармашылық орталығы ашылды

933

0

Қызылорда қаласындағы Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани құндылық»шығармашылық орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мен қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаева қатысты.

Орталықта «Оқуға құштар мектеп» және «Балалар және театр» жобалары, «Ұшқын ой алаңы» дебаттық қозғалысы, «Қош келдіңіз»кіші медиа студиясы іске қосылады.

Мектеп жылыжайындағы «Green land» ғылыми-тәжірибелік алаңының ашылуы өтті, «Gmart garden»жылыжайын автоматтандыру бойынша жоба көрсетілді. Сонымен қатар, ғылыми-шығармашылық жобалар көрмесінде оқушылардың информатика пәнінен «С/С++»бағдарламалау тілінде олимпиада тапсырмаларының шешімдері көрсетілді. Ақзира Қасымова бұл тәжірибені барлық білім беру мекемелерінде тарату қажеттігін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<