Қызылордада тұрғындардың 63,2 проценті сайлауға қатысты

564

0

Облыс бойынша 40 сайлау округінде сайлауға қатысу үшін барлығы 151 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 131-сі немесе 86,8%-і тіркеуден өтті.

Сайлау бюллетеніне 122 кандидат енгізілді, оның ішінде – 47 кандидат саяси партия атынан, 75 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.


«Еліміздегі алты саяси партия ауыл әкімі болуға өз кандидаттарын ұсынды. Облыста орташа бәсекелестік 3 адам. 6 округ бойынша – 2 кандидаттан, 28 округ бойынша – 3 кандидаттан, 5 округ бойынша 4 кандидаттан, 1 округте – 6 кандидаттан. Сонымен қатар осы сайлауда сайлаушыларға барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі берілген.


Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, жергілікті уақыт сағат 15.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 22 792 – 63,2% құрап отыр», – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.


Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 5405 – 67,4 % құрап отыр.
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1811 – 67,8%.
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1264 – 37,1%.


Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2347 – 65,3%.


Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1560 – 55,6%.
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2740–64,9 %.


Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 7665 – 67,6 %.


Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<