Қызылордада «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

746

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, отбасы тұрмыстық қатынастар саласында орын алатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу бағытында ағымдағы жылдың қаңтар айының 24-30 күндері аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның басты мақсаты – криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде отбасы-тұрмыстық қарым қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу болып табылады.

Іс – шара аясында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттер анықталған жағдайда құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 73,73-1 және 73-2 және т.б. баптарымен әкімшілік шара көру көзделген.

Егер құқық бұзушылық деректері орын алған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментінің 8 (7242) 26-28-90 және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 8 (7242) 27-42-06 сенім телефондарына хабарласуға болатындығын ескертеміз.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<