Қызылордада заңсыз ойынхана бизнесінің жолы кесілді

607

0

Қызылордада заңсыз ойынхана бизнесінің жолы кесілді.


30 желтоқсанда Қызылорда облысы Полиция департаментінің және облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген арнайы жедел шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының орталығында заңсыз ойынхана анықталды.


Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.


– Қылмысқа күдікті Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, олардың басқа да сыбайластары анықталуда. Жоғарыда көрсетілген бапта кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілеу, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары көзделген, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<