Қызылордада жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды

679

0

Қызылорда қаласында бір айға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 72 жастағы қария далалық жерден өлі күйінде табылды.

Еске салсақ, Қызылорда қаласында тұратын қария 19 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.


Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу жариялады. Бір айға жуық уақыт бойы
қарияны іздестіру жұмыстарына жүргізілді.


«Оған қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, жүздеген еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Iздеуге арнайы техника қатыстырылды. Нәтижесінде 17 наурыз күні сағат 10:40 шамасында қаладан бірнеше шақырым жердегі далалық аймақтағы шеңгел арасынан жоғалған қарияның денесі табылды. Денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<