Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам көз жұмып, бір адам дене жарақатын алды.
Оқиға 29 мамырда сағат түнгі 23.00 шамасында болған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында MAN жүк көлігі мен «Mercedes» жеңіл көлігі соқтығысқан. Келеңсіз жағдай Қазалы ауданының аумағында болған.
«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан 4 адам көз жұмды, ал 1 адам дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<