Қызылордалық алты гандболшы ұлттық құрама сапында қола алды

431

0

Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.


Қазақстандық спортшылар 3-орын үшін Иранмен күш сынасты. Қарсыластарынан 38:33 есебімен басым түсіп, қола жүлде алды.


Еске салсақ, қазақстандық қыздар А тобында сынға түсті. Алдымен Сингапурден 33:18, Гонконгті 31:29, Өзбекстанды 31:28 есебімен жеңсе, Оңтүстік Кореяға 20:40 есебімен жол берді. Осылайша өзінің тобында екінші орын алды.


Ұлттық құрама сапында Виктория Колотинская, Мария Пуаченкова, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Алея Малышева, Злата Звягина сынды қызылордалық гандболшылар ойын көрсетті.


Жартылай финалда Жапонияға 24:38 есебімен жол берді.


Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді. Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты.


Биыл Азия чемпионы атағына Оңтүстік Корея құрамасы қол жеткізді. Олар финалда Жапониядан 33:24 есебімен басым түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<