Қызылордалық ауыр атлеттер командалық есепте топ жарды

867

0

Жекелеген жаттығулар бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн чемпионаты өтті.


Ел чемпионатында Қызылорда облысының әйелдер құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 1-орынды жеңіп алды.


Ерлер құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 3-орынды иеленді.
Жекелей есепте 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айзада Мүптілда топ жарды. Ол жұлқа көтеруде 114 келіні, серпе көтеруде 148 келіні еңсеріп, қоссайыста 262 келіні көтеріп, Қазақстанның үш рекордын жаңартты.


109 келіде Рахат Бекболат 89 келіде жұлқа көтеруде 160 келіні, серпе көтеруде 200 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 360 келіні бағындырды.


59 келіде Аяжан Нұржан, 64 келіде Нұрай Құрманбай, 87 келіде Динара Қыпшақбай күміс, 87 келіден жоғары салмақта Айсамал Сансызбаева қола жүлделерге қол жеткізді.


61 келіде Азамат Төлеген мен 102 келіде Нұржан Кеңесбек екінші, 55 келіде Мақсат Қуантқан мен 89 келіде Арыстанбек Жақанша үшінші орындарды еншіледі.


Спортшыларды жарысқа ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Велорик Пак, Арман Абдраев, Нұржан Смаханов, облыстың аға жаттықтырушысы Альберт Хакимулин, жаттықтырушылар Жеңіс Алдабергенов, Айдос Базарбайұлы дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<