Қызылордалық оқушы республикалық айтыста бас жүлде алды

1053

0

9-11 наурыз күндері Алматы қаласында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысы өткізілді.


Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін айтысқа өңіріміздің атынан қатысқан Шиелі ауданы, №206 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ержігітова Дильназ дарынымен дараланып, бас жүлдені жеңіп алды.


Қазақтың төл өнері айтысқа оқушыны әкесі Асхат Амиров дайындаған. Оның айтуынша, Дильназ төл өнерімізді жастайынан меңгерген. Ол қызының алар асуы әлі де биік екендігіне сенімі мол.


Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас айтыскерлердің арасынан оқ бойы оза шапқан Дильназ бұл кезге дейін де түрлі додаларда жеңіске жетіп, ауданның ғана емес, аймақ абыройын асқақтатуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<