Қызылордалықтан тіркелмеген газды тапанша анықталды.
23-29 тамыз аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық iс-шарасы кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен Әйтеке би кенті тұрғынынан ІІО-да тіркелмеген газды тапаншасы алынды.
Аталған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша, яғни ІІО-да тіркелмеген тегіс ұңғылы немесе газды қарумен олардың патрондарын, сол сиякты электрлі қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібін бұзуына байланысты әкімшілік құжаттар жинақталуда.
Алдағы уақытта тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<