Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында аймақ ұстаздарымен кездесті.
Жиынды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жүргізіп отырды. ҚР Білім және ғылым вице-министріАсхат Аймағамбетов баяндамасында Елбасы Жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты 7-бағытын негізге алды. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мен ағылшын тілін пәндермен үйлестірудің маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ кездесуде Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицейдің директоры Алтын Ізбасова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Сәбит Ибадулла Елбасы Жолдауын іске асыруға барынша күш салып жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар жеткізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<