ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ауданда іс-сапармен болды

388

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ауданда іс-сапармен болды Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы Сырдария ауданына іс сапармен келді.
Халық қалаулысын аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш пен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып қарсы алды. Балайым Туғанбайқызы Қалжан ахун ауылында азаматтарды жеке мәселелерімен қоғамдық қабылдау жасап, заң аясында өз шешімін табуына үлесін қосатындығын жеткізді.
Мұнан соң, Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентіне кіреберісінен бой көтеріп келе жатырған 18 және 24 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй құрылысымен танысты. Келесі кезекте, Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында осы саладағы жаңалықтармен бөлісті. Келелі жиыннан кейін аудан орталығындағы «Парасат» алаңы мен «Еңбек даңқы» музейінің жұмысымен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<