ӘРБІР БАҒЫТ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

540

0

ӘРБІР БАҒЫТ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Парламентінің бірқатар депутаттары облысымызда іс-сапармен жүр. Соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары Владимир Божко шыны зауытының жұмысымен танысты. «Orda Glass» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев мәртебелі мейманға еліміздің индустриалды-инновациялық даму стратегиясына толымды үлес қосатын жоба жайын тарата айтып берді.

Ержан Сағымбаев атап өт­кендей, «Orda Glass» қытайлық «China Triumph International» ком­паниясымен бірлесіп жұмыс жасауда. Зауыттың құрылыс заттарын тасымалдаумен әлемге белгілі компаниялар айналысады.

Зауыт жылына 197 мың тоннадан астам табақша шыны шығармақ. Ең бастысы, шыны өндірісіне қажетті шикізаттың 95 проценті өзімізден табылып отыр. Яғни, Арал ауданының кварц құмы, доломит пен әк тасы пайдаланылады. Тек сырттан келетін кальцийлендірілген сода шикізатын болашақта «Аралтұз» АҚ-мен біріге отырып, өңірімізде өндіру жоспарлануда.

Үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасы ая­сын­да салынып жатқан шыны зауыты толық іске қосылған кезде соңғы технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Кәсіпорын құрылысын Қытай еліндегі шыны өндірісінің көшін бастап тұрған «China Triumph International» компаниясы жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта жергілікті мамандарды тәжірибе алмасу мақсатында шет елдерде оқыту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Ержан Сағымбаев шыны зауыты жұмысын бас­тағаннан кейін мұнда ­«Apple», «LG», «Nokia» сынды ірі компа­ниялардың өнімдері – план­шет, смартфон және өзге де гаджеттерге арналған ультра­жіңішке шынылар өндірілетінін айтты.

– Одан бөлек, зауытта мик­роскоп, дүрбілерге де арнап өнімдер шығару қолға алынбақ. Зауыт жұмысын жолға қойып, аяққа тұрғаннан соң ғарышқа ұшырылып жатқан зымырандарға қолданылатын әйнектер жасау да ойда бар, – дейді Е.Сағымбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<