Ресей нейрохиругтары ота жасауда

291

0

Ресей нейрохиругтары ота жасауда Қазір медицина саласының шекарасы алынып тасталуда. Дүниежүзінде «медициналық туризм» деген ұғым қалыптасты.
Дəрігерлердің тəжірибе алмасуына мүмкіндік мол. Мысалы жыл басынан бері облыс дəрігерлері Кореяға, Түркияға, Америкаға, Ресейдің бірнеше қалаларынс, Латвиа, Финляндияға т.б елдерге барып, сол елдің клиникаларында тəжірибе алмасты. Бірнеше рет облысвмызға шет елдік жетекші клиникалардың мамандары келіп, түрлі оталар жасап, қаншама науқасқа кеңестер берді. Бұл медицина көкжиегінің кеңуі, əлемдік тəжірибенің бөлінісуі.
Бүгін де сондай жаңалық. Ресейдің мықты нейрохирургі Игорь Басанкин облыстық медицина орталығында 7 науқасқа жаңашыл ота жасап, ондаған науқасқа кеңес беруде. Біздің мамандармен тəжірибесін бөлісуде.
Ең қызығы – облыстың бас арнасында бірінші рет жаңалықтар қызметінде тікелей эфир жүргізілді. Тарихи сəттің алғашқы парағын денсаулық сақтау саласының жаңалығымен бастағаны да, сала қызметкерлерін қуантты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<