РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ МЕМЛEКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

386

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ МЕМЛEКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қолдауымен және Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылуына 20 жыл толуына орай «Таза қала» және «90 мың жаңа ағаштар» жалпы республикалық сенбілік акциясы өткізілді.
Жосалы кенті орталығындағы «Қобыз» ескерткіші саябағында  аудан әкімі С. Мақашовтың қатысуымен 100-ге жуық мемлекеттік қызметшілер тал көшеттерін отырғызып, көркейту- көгалдандыру шараларына үлестерін қосты.  Сонымен бірге барлық ауылдық округтер мен мекемелерде саябақтар мен гүлзарларға  мыңға тарта ағаш түптерін отырғызу акциясы жалғасын тапты. Игі шараға мемелекеттік қызметшілермен қатар аудан тұрғындары және жеке кәсіпкерлер белсене қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<