РУХАНИ КЕМЕЛДЕНЕТІН АЙ

314

0

РУХАНИ КЕМЕЛДЕНЕТІН АЙ Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Болатбек Әбуовтің қатысуымен брифинг өтті. Онда Рамазан айына орай өкілдік тарапынан ұйымдастырылатын шаралар сөз болды.
– Рамазан – пенделік қылықтардан мейлінше арылып, барынша рухани кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылудың табылмас сәті. Ораза ұстау ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, мұсылман адамға парыз. Қасиетті Рамазан айы мамырдың 17-не кіреді. 29 күн бойы орталық мешітте 150 адамға ауызашар беріледі. 1 маусым күні әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға айлық азық-түлік таратылады, – деді Болатбек Ұласқанұлы.
Тарауих намазын Түркия мемлекетінен шақыртылған 2 қари өткізеді. Пітір садақа жан басына 300 теңге болып белгіленді. Бас имам қасиетті айда оразаны толық ұстау керектігін атап өтті. Айдың басында, ортасында, аяғында үш күн ораза ұсталынбайды. Қасиетті Қадір түні маусым айының 11-нен 12-не қараған түн. Айт намазы 15 маусым күні таңғы 7-де оқылады. Брифинг барысында осы және басқа да ораза ұстаудың шарттары мен үкімдері туралы толық ақпарат берілді.
Айта кету керек, қасиетті айда «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Құран жаттау орталығын, діни кітапхана және жаңа үлгідегі сайт парақшасын мобильді қосымшасымен бірге ашу жоспарланып отыр.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<