Саяси кеңесте жасампаздықтың жеті қағидасы ұсынылды

1079

0

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Кеңес отырысында ҚР Үкіметі басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі, партия жанындағы аймақтық даму бойынша қоғамдық кеңес төрағасы, аймақтық партия филиалы төрағасы, аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі сөз сөйлеп, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарының орындалу барысы туралы баяндаса, партия атынан сайланған ауыл әкімі елімізде жүргізіліп жатқан жаңа саяси реформалардың жастарға беріп жатқан мүмкіндіктерін атап өтті.


Бұл тұрғыда «Nur Otan» нақты мақсаттары мен істері бар партия ретінде елді партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы мен 217 өңірлік жол картасы төңірегінде ұлттың тұрақтылығы мен топтасуын қамтамасыз етіп отыр. Орталық және жергілікті деңгейлерде басым тәртіппен бюджеттік қаржыландыру бөлініп, халыққа нақты және түсінікті индикаторлар белгіленді. Біздің өңірдің өзіндегі Жол карталарында барлығы 872 іс-шаралар жоспарланса, ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен оның 53% орындалды (бұл 465 іс-шара) және 29% орындалу үстінде (252 іс-шара). 18%-ы яғни 155 іс-шара 2022-2025 ж.ж. орындалуы көзделген. Бұл «Nur Otan» партиясының істі аяғына дейін жеткізетін елдегі жалғыз саяси күш екенін тағы бір дәлелдейді.


Сонымен бірге партия жанындағы барлық ұйымдар Жол карталарының іске асырылуын бақылауға бағытталған. Себебі партия барлық деңгейдегі өкілді органдарда абсолютті басымдыққа ие болып қана қоймай, мәслихаттардағы фракция мүшелерінің бағдарламаның әрбір тармағына жауаптылығын бекітті. Яғни, өңірлік қоғамдық кеңестердің кең желісі сайлау алдындағы уәделерге мониторингті жүзеге асыра отырып, халықтың проблемалық мәселелерін де нақты тұжырымдауда.


Саяси кеңес отырысында ерекше аталып өткен келесі мәселе бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы.


Ордалы 30 жыл ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен еліміз тәуелсіз, табысты, әлемдік қоғамдастық мойындаған мемлекет ретінде қалыптасты. Әлемге зардабын тигізген ядролық қаруды жойып, өзге мемлекеттерге үлгі көрсеттік. Арқаның төрінен Еуразия жүрегі аталған Елордамызды салдық. Шетелдермен тереземіз теңесіп, саяси бағытымыз айқындалды. Еліміздегі сан ұлттың өкілі тұрақтылық пен татулықты ту етіп, бейбіт өмірді басты қағидаға айналдырды. Ауыл шаруашылығының технологиялық жетістіктері артып, өндіріс өркендеуде, орта және шағын кәсіпкерлік жанданып, әрбір ауылымыз тәуелсіздіктің шапағатын сезінуде. Осы орайда, Саяси кеңес отырысында Елбасымыз «Nur Otan» партиясының Тәуелсіздік жылдарындағы елдің дамуына қосқан үлесі мен алдағы міндеттеріне тоқтала келе қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Бұл қағидаттар жиынтығын ұсыну арқылы Елбасымыз – Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен қазіргі заманғы Қазақстанның негізін қалаушы ғана емес, ұлттың Көшбасшысы екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Тұңғыш Президентіміз өзінің реформаторлық рөлі мен саяси көшбасшылық феноменін еліміз үшін қазіргідей тағдыршешті кезеңде де нақты бағыттар ұсыну арқылы көрсетіп отыр.


«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығы – бұл Елбасының саяси тәжірибесін саяси-философиялық тұрғыдан ұғыну және қорыту. Онда әлемдік озық тәжірибе мен халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген және Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат. Ұлт көшбасшысы егемен Қазақстанның болашақ ұрпақтарына қуатты және нақты көшбасшылық формуласын беретін қағидаттар жиынтығын ұсынды.


Қағидалар жиынтығында:


Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – қазақстандық ұлттың басты жетістігі және ата-бабаларымыздың армандарының жүзеге асуы екендігі;


Елдің тұтастығы, жер және оған қол сұғылмаушылық – ұлттық бірліктің нышаны екендігі;


Ұлтаралық келісім және мемлекеттік тілді білу – қоғамды топтастыратын, ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдени-өркениеттік кодтар екендігі;


Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық және рухани мәдениетті насихаттау – жауапты қоғамның ерекше бірегей түрі екендігі;


Терең білім мен адал еңбек – адамдардың өмірін өзгертуге, отбасының, ауылдың, өңірдің, елдің болашағын айқындауға қабілетті прогрестің негізгі шарттары екендігі сипатталады.


Сондықтан осындай ұлттық мүддені қорғау мен оған берілгендік қазақстандық патриотизмінің жасампаз күші ғана емес, сонымен қатар басты мемлекеттік басымдықтар мен әрбір азаматтың борышы мен міндеті болуы тиіс.


Л. Төрешова


«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы


төрағасының бірінші орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<