8-9 желтоқсан аралығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен ардагерлер арасында бильярдтан турнир болып өтті.
Шараның басты мақсаты ардагерлер арасында спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық шараларды кеңінен ұйымдастырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Жарысқа әлеуметтік, өндіріс, ауылшаруашылығы, құқық қорғау, білім, денсаулық, мұнай, теміржол, автотранспорт, энергетика, спорт және тағы басқа сала ардагерлері қатысты.
Турнир нәтижесінде 3 орын Теміржол саласының ардагері Шермаханов Сейсенбекке, 2 орын мемлекеттік қызмет істерінің ардагері Төребаев Шәкизатқа және жүлделі 1 орын ауылшаруашылығы саласының ардагері Әмірғалиев Әбдіғаппарға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақы берілді.
Аталмыш турнир өңірімізде бірінші рет ұйымдастырылып тұрған жоқ, сонымен бірге алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<