Семейдегі су тасқынына байланысты Үндеу жарияланды

358

0

Семейдегі су тасқынына байланысты Үндеу жарияланды Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы бастама көтеріліп, қазақстандықтарға үндеу жарияланды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бастаманы қоғам өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері көтерді. Және барлық қазақстандықтарды су тасқыны салдарынан зардап шеккен семейліктерге қолдан келген көмекті көрсетуге шақырды.  Қаржылай көмек көрсету үшін банктен арнайы есепшот ашылды.  «Халқымыз қай заманда да қабырғасы қайыспай қиындық пен ауыртпашылықты бірге көтеріп, жеңе білген. Қолдауды  қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Сондықтан, қиын жағдайға ұшыраған жерлестерімізді жан жақты қолдап, ынтымағы берік, бірлігі жарасқан ел екенімізді көрсетіп, қолдау көрсетейік. Барлықтарыңызды осынау игілікті істен қалыс қалмай, өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, барынша қолдау көрсетуге шақырамыз» делінген Үндеуде.

Шоттың реквизиттері:
 «Асыл» ҮЕҰ БСН: 051240009478
Есепшот: KZ699650000031221610 «Forte Bank» АҚ

Айта кетейік, бүгінгі күні қалада 300-ге жуық үй, 500-ден астам үй аумақтары, 400 саяжай аумағы  су астында қалып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<