Республикалық Қоғамдық кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Шиелі ауданында жұмыс сапары аясында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысымен танысты.
Сенаторлар аудандағы «Ару ана» шұбат цехының жұмысымен танысып, «Шиелі төрт түлігі» кооператив төрағасымен кездесті.
«Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамытуды 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Шиелі төрт түлігі» кооперативі құрылып, сүтті өндіру және өңдеу мақсатында «Ару ана» шұбат цехы жұмыс жасауда.
«Ару ана» шұбат цехы тәулігіне 1 тонна шұбат және сиыр сүтінен қаймақ, йогурт, сүт, айран, сүзбе, құрт және балмұздақ өнімдерін нарыққа шығаруда.
Кооператив 2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы кооперативтің 21 мүшесі 64,5 млн. теңге несие алып, 2017 жылдың қазан-қараша айларында 258 бас сүт бағытындағы мүйізді ірі қара мал алынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<