Сырдария ауданы, Шаған ауылдық округіндегі «Шаған жер» ЖШС-ның күріштік алқабында күріш ору науқанын бастады.
Сырдың ақ маржанын жинауға арналған салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, Шаған ауылдық округі әкімі Ғ.Ошақбаев және ауыл ардагерлері мен ақсақалдары қатысты.
Салтанатты түрде лента қиылғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары Б. Лекеров және «Шаған жер» ЖШС-ның төрағасы Б. Қадыров өздерінің ізгі тілектерін білдіріп дала еңбеккерлерінің ел қамбасын алтын дәнге толтыратынына сенім білдірді. Егін басында ас беріліп, ауыл ақсақалы С.Есжанов өз батасын беріп, ауыл имамы Ш.Пірімбетов құран бағыштады. Күріш алқабына жиналған жұртшылық астан дәм татып көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<