Елордада шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогы басталды.
Аталған сайыста қазақстандық «Барыс», «Сарыарқа», «Торпедо» клубтарымен бірге Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы бақ сынайды.
Алғашқы турда «Барыс» ойламаған жерден «Сарыарқаға» 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Торпедо» дәл сол есеппен «Куньлунь Ред Старға» жол берді.
Енді 12 тамызда «Сарыарқа» мен «Торпедо», «Куньлунь Ред Стар» мен «Барыс» командалары шеберлік байқасады.
Айта кетейік, аталған турнир 11 және 15 тамыз аралығында өткізіледі. Командалар іріктеу сатысында бір-бір ойыннан өткізеді. Одан кейін алғашқы екі орындағы ұжымдар жарыстың финалдық сатысына шықса, қалған екеуі үшінші орын үшін сайысқа түседі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<