Шалғай ауыл тұрғындарымен кездесті

912

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің бірі Сарбұлақ ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Мұқашов қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуді аудан басшысы Мұхтар Оразбаев ашып, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін арнайы Мәжіліс депутаты келіп тұрғандығын жеткізді.

Сарбұлақ ауылындағы клубта өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских шалғай елді мекеннің тұрғындарын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырып, елдің дамуына, туған жердің көркеюіне өздерінің лайықты үлестерін қоса беру қажеттігін айтты.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, ой-пікірлерін айтты.

Сарбұлақтықтар негізінен елді мекендегі ауыз су, электр жарығы, жол және ауылға клуб ғимаратын салу сияқты мәселелерді көтерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<