Уақыт деген ұлы күш тарихқа тағы бір зер салудың сәтін әкелді. Өйткені, аймақ аттас ата басылым – «Сыр бойы» газеті 90 жасқа толды.
Ғасырға жуық ғаламат кезең саралай отырсаңыз, көп дүниені көз алдыңызға жайып бермек. Бұл – Алашқа Ана, талайға пана болған қасиетті өңірдің өмір бүлкілімен біте қайнасып жатқан қазыналы шежіре.
Алғашқы саны 1929 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда қаласында жарық көрген басылым әдепкіде партия, кеңес комитеттерінің және кәсіпкерлер бюросының органы саналған. Десе де, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы аудандарынан да хабар таратып тұрды. Ал, 1930 жылғы 101-санынан бастап біраз уақытқа дейін Қызылорда, Шиелі, Тереңөзек, Аламесек, Қармақшы, Қарсақбай, Қазалы, Арал аудандық партия, кеңес комитеттері одақтарының органына айналды.
Газеттің алғашқы редакторы – фельетонист Жиенғали Тілепбергенов. Ол кісімен кейінірек есімдері жалпақ жұртқа танылған әдебиет сыншысы, жазушы-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев, ақын Асқар Тоқмағанбетов, Абдолла Құрманаевтар қызмет істеді. Басылымның беделі көтерілді, таралымы артты.
Жалғасы 8 бетте





