Шиелі ауданында «Банк Центр Кредит» АҚ-ның алғашқы қызмет көрсету орталығы ашылды

409

0

Шиелі ауданында «Банк Центр Кредит»  АҚ-ның алғашқы  қызмет көрсету орталығы ашылды Шиелі ауданының 90 жылдық мерекесіне орай «Банк Центр Кредит»  АҚ-ның  қызмет көрсету орталығы ашылды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысында акционерлік қоғамның басқарушы директоры, басқарма мүшесі Тимур Ишмуратов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, Қызылорда облыстық  филиалының директоры Алмас Тастанов та құттықтау сөз сөйлеп, қызмет көрсету орталығының халық игілігіне жарайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, «Банк Центр Кредит» АҚ 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылып, Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің біріне айналды. Аталған банктің республика бойынша кең тараған өзіндік филиалдық желісі бар. Сондай-ақ, 100-ден астам банк филиалдары мен бөлімшелерінде заңды және жеке тұлғаларға жоғарғы дəрежеде қызмет көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<