Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Жастар орталығы» КММ-нің тікелей бастамасымен, «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен тұңғыш рет аймағымызда «Сыр дарыны» жобасы жүзеге асуда.
Бұл жобаның басты мақсаты ел ішінде, шалғай ауылдарда жүрген ән-жырға қәбілеті, ақындық қасиеті бар шығармашыл жас таланттарды тауып талабын ұштау, үлкен ортаға, ұлы өнерге жол нұсқау.
Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы талапкерлер арасында облыстық сайыстың іріктеу кезеңінде үздік шыққан жастарға жолдамалар табысталды. Барлық аудандар мен Қызылорда қаласының іріктеу кезеңі тәмәмдалған соң облыс орталығында суырылып шыққан кіл жүйріктер шын дарын дараланып, шынайы өнер сараланатын қорытынды сайыста бақ сынайтын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<