Шиеліде ұрланған көлік көрші ауданнан табылды

571

0

Қызылорда облысында бөтен біреудің көлігін заңсыз иемденген қаскүнем құрықталды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Қызылорда облысы ПД Шиелі аудандық полиция бөлімінің Еңбекші ауылының учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны “Ваз-2107” автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ұрының автокөлікті түнде арызданушының үйінің ауласына еркін кіру жолымен айдап әкеткенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлік көрші ауданнан табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұрын сотты болған 37 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<