Биыл Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмысы жүргізіле бастайды. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халықпен есепті кездесуінде сөз болды.– Өте қымбатқа түсетін жұмысты бастау үшін республикалық бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр. Бұдан басқа, аз зерттелген Оңтүстік Торғай және Сырдария шөгінді бассейндерін барлау көзделген. Ол үшін республикалық бюджеттен тағы 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуі үшін жұмыс жасаймыз, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, биыл тау-кен саласын дамыту мақсатында «Талап» қорғасын-мырыш кен орны мен «Ақ еспе» титан-цирконий кен орнын барлау жоспарланып отыр.
«СБ»-ақпарат.





