СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІ ГАЗДАНДЫРУ МҮМКІНДІГІ

489

0

СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІ ГАЗДАНДЫРУ МҮМКІНДІГІ Жуырда Елбасы Астананы газдандыру туралы нақты тапсырма берді. Астана мен еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру жобасы Президенттің маңызды 5 әлеуметтік бастамасының қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

Магистральдық газ құбырының ұзын­дығы – 1081 шақырым. Ол «Бейнеу -Бозой-Шымкент» газ құбырының Қызылорда об­лысы аумағындағы «Қараөзек» компрес­сорлық станциясынан бастау алады. Өндірісі дамыған Жезқазған, Қарағанды, Теміртау өңірлері арқылы Астанаға дейін жүргізіледі. Осы бағытпен газ құбырын салу арқылы 2,5 млн-ға жуық тұрғынды газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазақстандық газды жеткізу энер­гетикалық қауіпсіздік қамтамасыз етеді. Газ – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік жағдайын көтеруге, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ел ордасы үшін газ жеткізудің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері үлкен.

Көмір жағып отырған шамамен 250 жылыту орталығы, 20 мыңнан астам жеке тұрғын үйді газға ауыстыру, сондай-ақ Астанадағы 2 жылыту электр орталығын (ТЭЦ-1, ТЭЦ-2) газға көшіру көзделді. Кейінгі кезде тұрғындарды мазалап жүр­ген Астананың экологиялық ахуалы да жақсарады. Зиянды қалдық мөлшері 35 мың тоннаға азаяды.

Бұл жоба бүкіл солтүстік өңірді газ­дандыруға жол ашады. «ҚазТрансГаз» компаниясы маңызы зор осы жобаны жүзеге асыруға толығымен дайын.

Серді Ибулла Жұмағұлұлы, 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 

газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<