СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

412

0

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС  ОРЫНДАРЫ Облыста 9-10 шілде күндері Солтүстік Қазақстан, Қостанай, өңірлерінен айма­ғымызға келген арнайы делегация мүше­лері Қызылорда және Байқоңыр қаласында, Шиелі, Жаңақорған аудандарында «Бос жұмыс орындарын жәр­меңкелерін»  өткізді.

Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан облысынан – 956, Қостанай облысынан 1241 бос жұмыс орны ұсынылды.

Нәтижесінде жәрмеңкеге  500-ден ас­там адам қатысып, 156 отбасы қоныс аударуға  ниет білдірді.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында бірінші рет Ресей Федерациясының әкімшілігімен бірігіп ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірігіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған 250-ден астам адам қатысып, 89 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді.

Бос жұмыс орындарының басым бөлігін дәрігер мамандықтары, оның ішінде хирург, кардиолог, медбикелер және мәдени ұйымдастырушы, жүргізуші, қолөнерші, машина операторлары, агроном, аспаз және әкім орынбасарлары сынды орындар құрады.

Бағдарлама қатысушыларына мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беру қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаға қатысушылар және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (84175 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек көрсетіледі. Аталған көмек бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелеріне жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге төмендегіше мөлшерлерде материалдық көмек жасалады:

1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

1. 1) бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде (48100 т);

1. 2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде (60125 т);

1. 3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (72150) мөлшерінде төленеді;

2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

2. 1) бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде (36075 т);

2. 2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде (43290 т);

2. 3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде (50505 т) төленеді.

Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

Облыстық жұмыспен қамтуды 

үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<