Сотталғандарға медициналық көмек өз деңгейінде көрсетіледі

748

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің медицина бөлімінде қазір бөлім бастығы жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт дәрігер, 8 орта буынды медициналық қызметкер, 1 фармацевт қызмет атқаруда.


Сотталғандар арасында ауру жағдайын төмендету үшін және уақытылы диагноз қою мақсатында аумақтық денсаулық сақтау органдарының маман-дәрігерлері жұмылдырылып, Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 28 қазандағы №745 бұйрығының 63, 64-тармақтарына сәйкес, міндетті медициналық профилактикалық тексеріс жұмыстары толықтай жүргізілген. Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ықпалымен жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтарға кеңес беру және ем жүргізу үшін «Денсаулық пойызы» іс-шарасы өткізілді.


Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы №530 бұйрығына сәйкес, мекемеден уақытылы құжаттары жинақталып, 1 сотталған ауруына байланысты жаза мерзімінен бұрын босатылды.


Сонымен қатар АИТВ (СПИД) ЖИТС (ВИЧ)-тың алдын алу мақсатында 2021 жылға арналған Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығымен бірге атқарылатын іс-шаралар жоспарлары бекітілген. Мекеменің диспансерлік есебінде АИТВ жұқпасымен қазіргі таңда сотталған тұр, арнайы дәрі-дәрмектерімен тегін әрі уақытылы қамтамасыз етілген. Аталған дерттің мекемеішілік жұқтыру жағдайы тіркелмеген.


Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Соvid-19 коронавирус инфекциясын бүкіләлемдік пандемия деп жариялануына байланысты, мемлекеттік Бас санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, ҚАЖ мекемелерінде маскалық режим және карантиндік шектеу қойылған. COYID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарды қоспағанда, алған кезінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COYID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжаты болуы және «ASHYQ» қосымшасы арқылы ғимаратқа кіруі жүзеге асырылады.


Жазасын өтеушілер мен жеке құрам арасында инфекцияның алдын алу мақсатында «Маскалық режим» орнатылып, сотталғандар көпреттік бетперделер қорымен толық қамтамасыз етілген. Дезинфекциялық ерітінділер, бірреттік қолғаптар мен вирусқа қарсы киім үлгісімен толықтырылған. Мекемеде инфекциялық аурулар анықталғанда ауру ошағында тікелей жұмыс атқаратын қызметкерлердің қызметтік міндеттері бекітілді. Күнделікті сотталғандардың жатақханаларына тазалық жұмыстарын 0,015 пайыз дезинфекциялық ерітінділермен жуу, желдету, кварц қосу жұмыстары жүргізілуде. Таңертең және кешкілік тексеру барысында жазасын өтеушілердің арасында дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітелуі сияқты шағымдары бар болса, дәрігерлік бөлімге қаралуға жіберіледі.


Мекемеде жыл басынан бері сотталған азаматтар 2 221 рет дәрігерлік қабылдауда болса, олардың ішінде 14 сотталған азаматқа ота жасалып, 11 сотталған азамат стационарлы ем қабылдаған.

Ақжол Бекболатұлы,
ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі
медицина бөлімінің терапевті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<