Қазақстандық зілтемірші, Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Ильин 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Талдықорғанда өткен ел біріншілігінің үздігі атанды. Боксшы жаңа салмақ дәрежесінде 172+208 келі зілтемірлерді жұлқи көтеруден Әлішер Оразбек пен Елдар Сембаевты артқа тастап, ең жоғары нәтиже көрсетті.
Еске салайық, өткен жылдың маусым айында Илья Ильин допинг қабылдағаны үшін спорттан шеттетілген еді. Ауыр атлетшы 2008 жылғы Бейжің, 2012 жылғы Лондон олимпиадаларының алтын медальдарынан айырылып, 2 жылға спорттан шеттетілді. Спортшының айтуынша, ол алдағы 2020 жылғы Олимпиадада «алтын» үшін сынға түспек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<