Су торабынан 536 текше метр су өтуде

1422

0

Сырдария өзенінің су деңгейі көтеріліп, Қызылорда су торабынан 536 текше метр су өтуде. Шардара су қоймасының толуына орай Сырдария өзенінің төменгі ағысына 1000 текше метр су жіберілуде.

Су торабынан 536 текше метр су өтуде

Қазіргі уақытта Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына мың текше метр су тасталуда. Оның 450 текше метрі Көксарай су реттегіш қоймасына келуде. Бүгінде облыс аумағына 600 текше метр су келіп түсуде. Соған сәйкес облыс аумағынан магистральді каналдар мен көлдер жүйесі арқылы су алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 56 су басу қаупі бар аймақ анықталып, оларға 398 арнайы техника және 1 367 адам күші бар 197 мекеме бекітілді.

Су торабынан 536 текше метр су өтуде

Салаға жауапты мамандардың айтуынша, Сыр суының дәл осылай толуы бес жыл бұрын тіркелген екен. Қазіргідей өзен арнасының толуына көктемгі жауын-шашының мол түсуі әсер еткен.

Наурыз айының басында Сырдария өзенінің су жиналатын аймақтарында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су көлемі көбейді. Осы себепті Шардара су қоймасын транзиттік режимге қойып, төменге тасталынатын су көлемін – 1340 текше метрге көбейттік. Қазір Көксарай су реттегіш қоймасында – 658 млн. текше метр су бар.

Су торабынан 536 текше метр су өтуде

Сырдария өзенімен облыс шекарасына 650 текше метр су түсуде. Ал Қазалы су торабынан төменгі ағысқа – 235 текше метр су тасталуда. Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында каналдармен су алу кестесі әзірленеді. Биыл Шардараға – 2,3 млрд.текше немесе Көксарайға – 1,5 млрд.текше су жиналмаса егістікке су беру маусымы кезеңінде су тапшылығы болады деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<