1 шілде күні Астана қаласында Елорданың 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирдің ақтық сыны өтеді. Дүбірлі бәсекеде еліміздің ең мықты деген 35 палуаны бақ сынасады.
Қызылорда облысының намысын Еламан Ерғалиев, Нұрым Сәлімгереев және Мақсат Исағабылов қорғайды.
Бүгінде Сыр балуандары «Евразия» спорт кешенінде дайындалуда. Қызылорда облысында қатарынан тоғыз рет «Алтын белбеу» облыстық жарысы ұйымдастырылып, оған төрт жас ерекшелігі бойынша биыл 8500 спортшы қатысты. Айтулы сайыста Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы», Мақсат Исағабылов «Сыр арланы» атанды.
Айта кетейік, 2017 жылғы Қазақстан Барысы атағын жерлесіміз Еламан Ерғалиев жеңіп алған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<